Анталияда көлік апатына ұшыраған 7 қазақстандықты елге әкелу мәселесі қаралуда

1262

Анталияда көлік апатына ұшыраған 7 қазақстандықты елге әкелу мәселесі қаралуда

Қазақстанның Антальядағы консулы біздің азаматтарымызбен үнемі байланыста және ауруханаларға барып, олардың қал-жағдайын біліп отыр, деп жазады ҚР СІМ баспасөз басшысы Әнуар Жайнақов фейсбуктегі парақшасында.

Жеті қазақстандық Антальяға өз беттерінше барған, өкінішке орай, сақтандыру полистері болмаған. Сондықтан апаттан кейін олардың хирургиялық операцияның төлеміне байланысты қиындықтар туындады.

Дегенмен, біздің дипломатымыз түрік тарапымен келісімге келді, яғни ауыр жараланған бес қазақстандықтың медициналық шығыстарын такси жүргізушінің сақтандыру компаниясы өзіне алатын болды. Тағы екі азаматымыз бойынша төлеу мәселесі шешілу үстінде.

Қазір біздің қазақстандықтардың жағдайы тұрақты. Оның ішінде екі азаматымыздың жамбас сүйектері сынған, бір қызымыздың миі қатты шайқалған. Олардың барлығы да өз бетінше қозғала алмайды.

Бүгінде қазақстандықтарды елге әкелу мәселесі шешілуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу