Анықтамаларды смс арқылы алуға болады

14 Маусым 2018 14:59

Енді тұрғындар жақындарына қатысты анықтаманы смс арқылы ала алады. Оған электронды қолтаңбаның да қажеті жоқ. Тек eGov.kz порталына тіркеліп, бір реттік құпия сөз хабарламасын растасаңыз болғаны. Дегенмен бұл қызмет жеке тұлғаларға ғана қол жетімді.

Жыл басынан бері «Анықтамасыз қызмет» пилоттық жобасы іске қосылған. Оған сәйкес, өзге адамның мекен-жайы, мүлкінің бар-жоқтығы және сотталмағаны жайлы ақпарат алуға болады. Ең бастысы қажетті тұлға мобильді азаматтар базасында тіркелуі қажет.