Әрбір өңір Түркістан қаласына бір ғимараттан сыйға тартады

788

Әрбір өңір Түркістан қаласына бір ғимараттан сыйға тартады

Елбасы тапсырмасының аясында республиканың әрбір облысы Түркістан қаласына бір ғимараттан сыйға тартады. Бұл туралы облыс әкімі Жансейіт Түймебаев Түркістан қаласын түркі әлемінің рухани-мәдени орталығы ретінде дамыту бойынша өткен жиында айтты. Мәселен, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешов "Астана" саябағын салу туралы ұсыныс білдірген, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Түркістан қаласында бой көтеретін тұрғын үйлер көп қабатты болмайды. Себебі, Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің биіктігінен аспау керек. Барлық жерде мавзолей мүмкіндігінше көрініп тұруы қажет. Сондай-ақ, баспаналар Орта-Азиялық стильде, яғни көне дәуірдегі сәулетпен салынуға тиіс. Сонда еліміздегі, кем дегенде, бір қала осындай ескі келбетпен бой көтереді", - деді Жансейіт Түймебаев.

Түркістан қаласын туристер үшін қолайлы аймаққа айналдыру мәселесін сөз еткен өңір басшысы мұнда жаңадан әуежай, теміржол вокзалы мен автовокзал және қонақүйлер, дәмханалар салынатынын атап өтті. Бұдан бөлек, әкім Қ.А. Яссауиға қатысты жарияланған құнды жәдігерлердің көптігінен арнайы Яссауи музейі салыну қажеттігіне де тоқталды.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу