Асқар Мамин "Қазатомөнеркәсіп"-тің басқарма төрағалығынан кетті

678

Директорлар кеңесінің төрағасы болып Джон Дудас сайланды.

Асқар Мамин "Қазатомөнеркәсіп"-тің басқарма төрағалығынан кетті

"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атомдық компаниясының директорлар құрамы өзгерді, деп хабарлайды компанияның баспасөз-қызметі. 
"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасы компанияның жаңа директорлар кеңесінің құрамын бекіту туралы шешім қабылдады. Директорлар кеңесінің төрағасы болып 2015 жылдан бастап компанияның директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі болып келе жатқан Джон Дудас сайланды", - деп жазылған хабарламада. 
Бұған дейін бұл қызметті премьер-министрдің бірінші орынбасары Асқар Мамин атқарған болатын. 2017 жылдың тамызынан бері компанияның жұмысын басқарып келе жатқан Ғалымжан Пірматов компанияның басқарма төрағасы, директорлар кеңесінің мүшесі болып қайта сайланды. 
Тәуелсіз директорлар ретінде халықаралық ядролық сектордағы тәуелсіз кеңесші Нил Лонгфэллоу мен MGM China Holdings Ltd және Wiggins Island CoalExport Terminal Pty Ltd тәуелсізатқарушы емес директоры Расселл Бэнхам сайланды. 
Акционердің жалғыз өкілі ретінде "Самұрық-Қазына" ұлттық қорының басқарама төрағасының орынбасары Алик Айдарбаев, "Самұрық-Қазына" қорының экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры Бейбіт Құдайберген сайланды. 
"Қазатомөнеркәсіп" - уран,сирек металдар, атом энергетикалық стансалары үшін ядролық отынның импорты-экспорты бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық операторы . 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу