Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау мен СҚО-да болды

654

Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау мен СҚО-да болды

ҚР премьер-министрінің бірінші орынбасары Асқар Мамин жұмыс сапарымен Маңғыстау және Солтүстік-Қазақстан облыстарында болды, деп хабарлайды primeminister.kz. 

Ол "Нұрлы жол" бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатқан инфрақұрылымдық жобалармен, Қазақстан мен Ресей арасындағы аймақаралық ынтымақтастықтың XV форумына және Каспий маңы мемлекеттері басшыларының V саммитін өткізуге дайындық мәселелерімен танысты. 

ІІ категориялы "Бейнеу — Ақжігіт" автокөлік жолы жобасы Бейнеу ауылынан басталып, Өзбекстан шекарасына дейін 85 шақырымға созылған. Асқар Мамин жолды өңірлік маңыздылығы бар инфрақұрылымдық нысан ретінде атап өтті.  

"Бұл маңызды жоба Ақтау мен Құрық порттары арқылы Орталық Азия елдерінен Кавказ, Түркия және Еуропаға транзиттік автокөлік ағынын қалыптастыруға ықпал етеді", — деп, ол жолдың құрылысын сапалы жүргізіп, оны белгіленген уақытта тапсыруды міндеттеді.

Сондай-ақ, бірінші вице-премьер Құрық портында паром кешенінің екінші кезегі құрылысының барысымен танысты.

Асқар Маминге Шығыс және Батыс молдарының құрылысы, "Кедендік ресімдеу аймағы" нысаны, порт дамуының екінші кезеңінің жағалаудағы гидротехникалық құрылымдары туралы ақпарат берілді. Сонымен қатар, "Құрық — Құрық порты" автокөлік жолын қайта құру және паром кешенін пайдалануға беру бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы хабардар етті.  

Қазіргі таңда екінші кешен сынақ режимінде іске қосылған. Жоба жүзеге асырылғаннан бастап 476 кеме қатынасы жүргізілді, 2,11 млн тонна жүк тиелді, оның ішінде биыл 156 кеме қатынасы жүргізіліп, 634 мың тоннадан астам жүк тиелді.

Вице-премьер аймақаралық ынтымақтастықтың XV форумына дайындық аясында Солтүстік Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барды. Ол Петропавл қаласының халықаралық әуежайында әуежайдың тұрақ орындарын қалпына келтіру, "Әуежайға кіреберіс жол" автокөлік жолын күрделі жөндеу жұмыстарымен танысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу