Әскери қызметшілердің арнаулы есепшотына ай сайын тұрғын үй төлемдері аударылады

2145

Әскери қызметшілердің арнаулы есепшотына ай сайын тұрғын үй төлемдері аударылады

Бүгін мәжілісте әскери қызметшілерді баспанамен қамтуға бағытталған жаңа заң жобасы таныстырылды, деп хабарлайды abctv.kz.
Заң 2018 жылдың 1 қаңтарынан күшіне енеді. Құжатқа сәйкес, келер жылдан бастап әскери қызметшілердің екінші деңгейлі банктердегі жеке арнаулы есепшоттарына ай сайын тұрғын үй төлемдері аударылатын болады. Төлемдердің мөлшері еліміздің әр өңіріндегі баспана бағасына байланысты анықталмақ.
Қызметші банктегі арнайы есепшотына түскен қаржыны ипотекалық несие арқылы пәтер сатып алуға, тұрғын үй арендасын төлеуге, баспананы кейіннен сатып алу құқығымен жалға алуға, үлестік тұрғын үй құрылысына және тұрғын үй құрылысы кооперативіне қатысқан кезде жарналарды төлеуге, тұрғын үй жағдайларын жақсартуға пайдалана алады. Сондай-ақ банк тарапынан да бақылау жүргізіледі.

Заң жобасының тағы бір жаңашылдығы – 2013 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша еңбек сіңірген жылдары 10 және одан көп жылды құрайтын әскери қызметшілер үшін 20 жылдық әскери қызметін өтеген соң қызметтік баспананы өтеусіз жекешелендіріп алу құқығы қайта қайтарылады. Егер қызметтік тұрғын үй жекешелендіруге жатпайтын болса, өтеусіз жекешелендіру құны баспана бағасы көлемінде өтеледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу