Астана әкімдігі колледждерге 3,5 мыңдай мемлекеттік грант бөлді

853

Астана әкімдігі колледждерге 3,5 мыңдай мемлекеттік грант бөлді

Сонымен қатар, 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен нәтижелі қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамыту бағдарламасы бойынша 1050 орынға арналған орта кәсіптік тегін білім алу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Астана әкімдігі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 3 493 орындық мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырады. Бұл Елбасының "Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері" Жолдауын жүзеге асыру және бес әлеуметтік бастамасы мен "Цифрлық Қазақстан" кешенді бағдарламасын жүзеге асыру.

Колледждерге арнаулы орта білімі бар, жалпы орта білімі бар, техникалық және кәсіптік білімі бар Қазастан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ азаматтар қабылданады, яғни 9-11 сынып оқушылары мен колледж студенттері.

Сонымен қатар, 2017-2021 жылдарға арналған жұмыспен нәтижелі қамту және кәсіпкерлікті жаппай дамыту бағдарламасы бойынша 1050 орынға арналған орта кәсіптік тегін білім алуға мүмкіндік бар. Оған 9-11 сынып оқушылары, ЖОО-на түсе алмаған қыз-жігіттер, жұмыс іздеп жүргендер және тағы басқа азаматтар түсе алады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы қандай мамандықтарға берілетіні жайлы ақпаратты Астана қаласы әкімдігі Білім басқармасының сайтынан білуге болады.

Осы білім гранттарына құжаттарды қабылдау төмендегі уақыттарда жүреді:

1) Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша, орта буын мамандарын даярлауды көздейтін күндізгі бөлімге 20 маусым мен 20 тамыз, кешкі және сырттай оқуға 20 маусым - 20 қыркүйек, өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығы;

2) техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша жалпы мамандықтар мен неғұрлым күрделі (аралас) кәсіптер 20 маусым мен 20 тамыз, кешкі оқыту бойынша 20 маусым мен 20 қыркүйек.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу