Астана әуежайы І жартыжылдықта жолаушылар тасымалын 17 пайызға арттырды

746

Астана әуежайы І жартыжылдықта жолаушылар тасымалын 17 пайызға арттырды

2018 жылдың қаңтар-маусым аралығында Астана халықаралық әуежайы 2 145 154 миллион жолаушыға қызмет көрсетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткішпен салыстырғанда 17% - ға артық, деп хабарлайды Интерфакс-Казахстан.

Есепті кезеңде ішкі рейстердегі жолаушылар тасымалы 1 346,578 млн адамды құрады (өсім 12%), халықаралық рейстерде  - 798 576 адам (26% ұлғайды).
Соның ішінде 2017 жылдың қаңтар-наурыз айларында жөнелген жолаушылар саны 1 79550 млн адамды құрады (өсім -17%), келіп түскендер - 1 65,604 млн адам (16% өсім).
Әуежайдың жүк айналымы есепті кезеңде 28% -ға төмендеп, 4,832 мың тоннаға жетті.

Жалпы, 2018 жылдың қаңтар-маусым айларында әуежай 14,353 мың рейске қызмет көрсетті, бұл 2017 жылдың І жартыжылдығымен салыстырғанда 11% артық.

Қазақстан астанасының әуежайы – көлемі жағынан елдегі екінші халықаралық әуежай (Алматыдан кейін) және әуе кемесінің барлық түрлеріне ұшу салмағына ешқандай шектеусіз қызмет көрсетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу