Астана халықаралық қаржы орталығының ашылу салтанатына шақырды

1233

Астана халықаралық қаржы орталығының ашылу салтанатына шақырды

Непал астанасы Катманду қаласында "Қазақстан-Непал: сауда және инвестициялар саласындағы ынтымақтастық" тақырыбында дөңгелек үстел өтті, деп хабарлады "ҚазАқпарат".

Іс-шараны Үндістандағы ҚР Елшілігі Азия дипломатия және халықаралық қатынастар институтымен (АДХҚИ) бірлесіп, Үндістандағы Қазақстан Елшісі Болат Сәрсенбаевтың Непалға сапары аясында  ұйымдастырды.

Жиынға АДХҚИ негізін қалаушы К.Сунил, Непалдың бұрынғы білім министрі, парламент депутаты Ч.Ядав, Непал сауда палаталарының президенті Р.Шрестха, Непалдың мемлекеттік органдары, ірі бизнес құрылымдары және БАҚ өкілдері қатысты.

Басқосу барысында Қазақстан мен Непал арасындағы қолайлы іскерлік ахуалды қалыптастыру және екі ел арасындағы туризм деңгейін арттыру бойынша ынтымақтастықтың негізгі әлеуетті бағыттары туралы ақпарат берілді.

Шараға қатысушылар Астананың 20 жылдығын мерекелеу бойынша жоспарланған іс-шаралар туралы хабардар болды.

Елші Б.Сәрсенбаев Катманду қаласы мэрінің орынбасары К.Харибрабха және Лалитпура қаласының мэрі Ч.Махарджанмен келіссөз жүргізіп, "G-Glodal Silk Road 2018" конференциясына қатысуға шақырды. Сондай-ақ қазақстандық дипломат Непалдың қаржы министрі Р.Кхативадамен кездесіп, биыл 5 шілдеде өтетін Астана халықаралық қаржы орталығының ашылу салтанатына шақыру берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу