Астана көшелерін жауын кезінде су баспау үшін су жинаудың жалпы алаңы кеңейтіледі

678

Су жинаудың жалпы алаңы 13 мың гектардан 23 мың гектарға дейін өседі.

Астана көшелерін жауын кезінде су баспау үшін су жинаудың жалпы алаңы кеңейтіледі

Бүгін үкімет отырысында Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов нөсер кезінде Астана көшелерін су басу мәселесі қалай шешілетіні туралы айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.

"Келесі жылдың соңына қарай 17,3 мың гектар ауданды қамту және жер үстіндегі сулардың кедергісіз кетуіне мүмкіндік жасау көзделген. Су жинаудың жалпы алаңы 13 мың гектардан 23 мың гектарға дейін өседі, бұл 2030 жылға дейін игеру алаңының 66,2% немесе 2020 жылға нөсерлі кәріз желісіне ағын сулар алаңның 96,5% құрайды. Халықты сапалы қызметтермен қамтамасыз ету үшін 150 км сумен қамту желілері және 81 км су бұру желілері салынады", — деді Астана әкімі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу