Астана LRT: Қала сараланған тарифті енгізуге дайын

701

Астана LRT: Қала сараланған тарифті енгізуге дайын

Жыл басында Астанада көлік картасын пайдаланушылардың көрсеткіші 5% болса, қазіргі күні - 50%, деп хабарлайды elorda.info.

"Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердиновтің ойынша, елорда сараланған тарифті енгізуге дайын.

"Қала сараланған тарифты енгізуге дайын. Оны көлік карталарының сатылымының көбейгенінен білуге болады. Соңғы екі күнде шамамен 16 500 карта сатылды. Жылдың басында жолаушылардың 5 пайызы ғана көлік картасын пайдаланса,қазіргі күні олардың көрсеткіші 50 пайыздан асты", - деді ол.

Сондай-ақ мекеме қалада көлік картасының жаппай сатылып жатқанын атап өтті.

"Бүгінде бізде арнайы мамандандырылған касса мен 30 автомат бар. одан бөлек қала бойынша көлік картасын сатып алуға болатын 51 нүкте бар. Қазір күн сайын 7-8 мың карта сатылуда. Жолаушлардың жайлылығы үшін көлік карталары автобустарда сатыла бастады", - деді "Астана LRT" ЖШС төлем жүйелері департаментінің директоры Дәурен Нұралиев.

Бұған қоса, ол атаулы картасын жоғалтып алған жағдайда тарифті қайтадан қалпына келтіруге болатынын айтты. Мұндай қызмет қарапайым көлік картасын жоғалтқанда көрсетілмейді.

"Осы жылы біздің сайтта жеке кабинет бөлімі жасалып жатыр. Қолданушы жаңа карта сатып алған кезде өзінің жеке тұлға екенін растап, оны жекешеліндере алады. Одан соң мәліметтерді қалпына келтіру мүмкіндігі болады", - деді ол.   

Компанияның мәліметінше, шілде айының басында күн сайын сатылған көлі карталарының саны 1-2 мың болса, соңғы күндері 7-8 мыңға жетті. Бұдан бөлек, жеңілдік санатына жататын 95 мыңнан астам атаулы картаға ие болды. Бекмырза Игенбердиновтің мәліметінше, қазіргі күні Астанада күн сайын 500-600 мың адам қоғамдық көлікпен қатынайды.

"Ақшамен есептессек, ол күніне 60-35 млн шамасында. Сараланған тариф енгізілген соң бұл картина біраз өзгереді. Ресми төлем 20-30% көбейіп, қыркүйекте студенттер мен оқушылар демалыстан шыққан соң көрсеткіш ұлғаюы мүмкін", - деді "Астана LRT" ЖШС басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Сонымен қатар мекеме басшысы көлік компаниясы елорда бюджетінен жылына 10-12 млрд теңге көлемінде субсидия алуды көздеп отырғанын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу