"Астана" Швецияның "Хеккен" клубынан ұтылды

689

"Астана" Швецияның "Хеккен" клубынан ұтылды

"Астана" Швецияның "Хеккен" клубынан ұтылып қалды, деп хабарлайды vesti.kz.
Елордалық команда келесі жолдастық кездесуін сейсенбі күні Қытайдың "Ляонин" клубына қарсы өткізеді.
"Астана" футбол клубы Дубайдағы оқу-жаттығу жиындары кезінде Швецияның "Хеккен" командасымен жолдастық кездесу өткізіп, 2:0 есебімен ұтылды.
Швециялық клуб ойындағы бірінші голын 4 минутта соқты. Ненад Эрич допты сәтсіз қайтарып, қақпасына енгізіп алды. Екінші гол екінші таймда соғылды.
"Астана" келесі жолдастық кездесуін сейсенбі күні Қытайдың "Ляонин" клубына қарсы өткізеді.
Айта кетейік, осыған дейін Станимир Стойлов шәкірттері Словакияның "Жилина" клубына жеңілген еді. Ал Ресейдің "Спартак" пен "Краснодар" клубтарын ұтқан-ды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу