Астанада 12 мыңға жуық шетелдік азаматқа вакансия бар

1052

Астанада 12 мыңға жуық шетелдік азаматқа вакансия бар

Қазақстанда шетел азаматтарын жұмысқа тартуға белгілі бір мөлшерде квота бөлінеді. Астанада шетелдіктерге сұраныс 11700 адамды құрайды. Бұл туралы қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ермек Оспанов айтты, деп хабарлайды Елорда инфо.

Ермек Оспановтың айтуынша, шетелдік жұмыс күші білімділік деңгейін қоса алғанда, жалпы төрт санатқа бөлінеді. Шетелдіктерді жұмысқа тартуға рұқсат беретін арнайы комиссия құрылған. Оның құрамына қалалық мәслихаттан депутат Гүлнәр Данбаева енген.

"Квота мен комиссия не үшін керек? Ең алдымен, шетелдіктердің жұмысқа тарту үдерісін бақылап отыру, белгіленген мөлшерден асырмау үшін қажет. Екіншіден, еңбек нарығымызды қорғау үшін керек. Өзіміздің ел азаматтарын жұмыспен қамтуға басымдық беріп отырмыз. Ал қазір шамамен алғанда 2500 сондай адам жұмыссыз ретінде тіркеуде тұр. Шетелдіктерге жұмысқа рұқсат бергенде де бәрінен бұрын біздің мамандарды үйрете алатынына назар аударамыз", - деді Ермек Оспанов.

Осыдан бес жыл бұрын ҚР ішкі істер министрлігі көші-қон комитетінің ұсынысымен Астанада оралмандарды бе­йімдеу мәселесін шешетін ведомствоаралық комиссия құрылды. Алайда қазіргі таң­да аталмыш органға түсіп жатқан өтініштер жоқ. Сол себептен комиссия жұмыссыз отыр. Оралмандарды бейімдеу ісімен қалалық жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы айналысуда. Сессия барысында жоғарыдағы комиссия жұмысын тоқтату мәселесі қаралып, депутаттар бұл ше­шімді бірауыздан қолдады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу