Астанада 8 тұрғын үй кешені жөндеуден өтуде

859

Астанада 8 тұрғын үй кешені жөндеуден өтуде

2011 жылдан бері қалада 90-нан астам көпқабатты тұрғын үй модернизацияланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Осы жылы қайтарымды қаражат есебінен сегіз нысанда 198,7 млн теңгеге жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Астана қаласының Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасында белгілі болды. Атап айтқанда, жөндеу жұмыстары мына мекен-жайлар бойынша жүргізіліп жатыр: Мәмбетов к-сі, 6,8,8/1,8/2,8/3 (орталық жылу пункітін жаңғырту) – жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жүргізілуде, Затаевич көшесі, 11 (шатырды күрделі жөндеу, электр желілерін ауыстыру), Жирентаев көшесі, 19 (шатырды күрделі жөндеу), Абылай хан д-лы, 27/1 (шатырды күрделі жөндеу, қасбетін панель аралық жіктерін жөндеу), Құдайберді ұлы даңғылы, 14 ((шатырды күрделі жөндеу), Бөгенбай д-лы, 28 (екі жолаушылар лифтісін ауыстыру), Күмісбеков көшесі, 6 (жолаушылар лифтісін ауыстыру), Петров к-сі, 20 (2 жолаушы лифтісін ауыстыру).

"Кондоминиум объектілерінің ортақ мүлкін жөндеу бойынша жүргізілген жұмыстар нәтижесінде күрделі жөндеуді талап ететін үйлер үлесінің азаюы, тұтыну энергиясының 20 %-ға дейін үнемделуі, жылжымайтын мүлікті капиталдандыруға қол жеткізілді", - делінген басқарма хабарламасында.

Жаңғырту бағдарламасының аралық нәтижелері бойынша тұрғын үй қорының қызмет мерзімін ұзарту, электр және жылу энергиясын тұтынудың елеулі үнемдеуі байқалады.Тиісінше өз үйлерін жаңғыртуға ниет білдіргендер саны өсуде.

Астананың көппәтерлі тұрғын үй қоры 2 593 үйді құрайды. Олардың 87-сі апатты деп танылған, ал күрделі жөндеуді қажет ететін үйлер саны – 271.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу