Астанада алаяқ inDriver жүргізушісін 18 мың теңгеге алдап кетті

1108

Полиция күмәнді келісімдер жасамауды және бейтаныс адамардың шотына немесе телефонына ақша аудардан бас тарту керектігін ескертеді.

Астанада алаяқ inDriver жүргізушісін 18 мың теңгеге алдап кетті

Астана қаласының ІІД ақпаратына сәйкес, соңғы кезде "Индрайвер" қосымшасы арқылы жұмыс істейтін жүргізушілерге қатысты алаяқтық көбейіп кетті, деп хабарлайды elorda.info ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Алаяқтар жүргізушерге үйге азық-түлік жеткізуге тапсырыс береді.  Ал жеткізудің 5 мың мен 10 теңге аралығындағы ақысын азық-түлікті әкелген соң төлейтінін айтады.

57 жастағы елордалық жүрізушінің бірі алаяқтың осындай қулығына алданып қалды. Оның айтуынша, белгісіз біреу өзін Мақсат деп таныстырып, inDriver мобильді қосымшасы арқылы азық-түлік жетікізуге тапсырыс берген. Сондай-ақ ол жүргізушіге ұялы телефонының шотына ақша салуын өтіншен және ақшаны жеткізу ақысы мен бірліктің ақшасын азық-түлікті әкелген соң төлейтінін айтқан. Жүргізуші ұялы телефонның нөмірі ақшаның қайтарып алуға кепіл болады деп шешкен. Шамамен 10 теңгеге азық-түлік сатып алып, "тапсырыс берушінің" нөмірін Qiwi терминалы арқылы 8 мың теңгеге жуық ақша салған. Алайда тапсырысты әкелгенде абоненттің телефоны сөндырулы болып шықты.

Астана қаласының ІІД Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлер ШҚО 23 жастағы тұрғынын анықтады. Астана аумағындағы алақтық жасаған соң Павлодар қаласына аттанған. Полицейлер она Павлодарда ұстады. Қазіргі күні аталған азаматтың басқа қылмыстарға қатысы анықталып жатыр.  

Астана қаласының ІІД  осыған ұқсас 10-нан астам алаяқтық қылмыс тергеліп жатқанын хабарлады. Осыған орай, ведомство елорда тұрғындарын интернет-қосымшалардағы қызықты ұсыныстардан бас тартып, күмәнді келісімдерді жасамауға және бейтаныс адамардың шотына немесе телефонына ақша аудардан бас тарту керектігін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу