banner

Астанада бокстан халықаралық турнир өтеді

779

Астанада бокстан халықаралық турнир өтеді

Астанада 5-11 маусым аралығында "Дәулет" спорт кешенінде бокстан Қазақстан Республикасы Президентінің Кубогы өтеді. Оған бірқатар шетелдік командалар мен қазақстандық боксшылар қатысады, деп хабарлайды prosports.kz.
 Бұл турнирде ерлер он салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді. Ал әйелдер арасында тек төрт салмақ (51, 57, 60, 75 келі) санатында ғана жарыстар өтеді. 
Өткен жылы аталған турнирге әлемнің он елінен келген 31 әйел және 82 ер боксшы қатысқан болатын. Ұйымдастырушылар биыл қатысушылар саны бұдан көп болады деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу