Астанада қайырымдылық веложарысы өтеді

679

Жалпы маршруттың қашықтығы 8 шақырым. Веложарыс "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ ғимаратының алдында басталады.

Астанада қайырымдылық веложарысы өтеді

22 қыркүйекте Астананың сол жағалауының басты көшелерінде қайырымдылық веложарысы өтеді, деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Веложарыс "Сау жүрек айлығы 2018" жалпы атауымен шаралар сериясының шеңберінде өткізіліп жатыр, мақсаты – халық арасында жүрек ауруының көбейіп бара жатқанын ескерту. Шарадан түскен барлық қаржы кардиохирургия саласындағы білім мен ғылымды дамытуға бағытталады.

Қайырымдылық шарасының басты ұйымдастырушысы "Жүрек орталығы" корпоративтік қоры, ол "Ұлттық ғылыми кардиохирургиялық орталығы" АҚ бастамасымен құрылған. Қор емханадағы ғылыми-білім беру қызметін дамыту мақсатында құрылды, сондай-ақ республикадағы барлық кардиохирургиялық ғылымды жетілдіруге арналған.

Веложарыстың салтанатты ашылуына әлемдік турдағы "Астананың" кәсіби велошабандоздар командасы, Қазақстан және Азия бойынша велоспорт чемпионы Жандос Бижігітов қатысады деп күтілуде.

8 шақырымды құрайтын жарыстың бағдары Астананың сол жағалаудағы негізгі көшелерінде орналасқан. Яғни Тұран, Ұлы Дала, Мәңгілік ел көшесі және Керей-Жәнібек хандар, сонымен қатар астананың көрнекті орындарының бірі – Салтанатты қақпа. Жалпы маршруттың қашықтығы 8 шақырым. Веложарыс "Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы" АҚ ғимаратының алдында басталады.

Веложарысқа www.hcenter.kz. сайтынан тіркелуіңізге болады, қатысу үшін қайырымдылық жарнасы: 4000 теңге. Жиналу уақыты сағат 9:00, басталуы: 10:00.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу