banner

Астанада мұнайшылардың геологиялық барлау форумы өтті

1063

Астанада мұнайшылардың геологиялық барлау форумы өтті

Астанада мұнайшылардың геологиялық барлау форумы өтті. Жиынның екінші күні мамандар жаңа кен орындарын іздеу, геологиялық барлау ғылымы секілді тақырыптарды талқыға салды. Сонымен қатар, мұнай газ саласындағы проблемаларды шешу жолдарын қарастырды, деп хабарлайды 24.kz.

Табиғи қоры сарқыла бастаған кеніштердегі барлау-өндіру жұмыстарының жай-күйі де айтылды.

Қазақ мұнайының қара шаңырағы "Ембімұнайгаз" АҚ қазіргі таңда өндіріске жаңа технологияларды енгізіп, мамандардың кәсіби біліктілігін арттырауға ерекше ден қойды. Аталған мекеме "ҚазМұнайГаз" компаниялар жүйесінде алғаш болып "цифрлық кен орын" концепциясын енгізді.

"Бұрғылау жұмыстарын көбейтіп жатырмыз. 2015 жылы бізде бес скважина қазылған болса, қазір 18 скважина қазамыз. Олар көбі барлау жұмыстары негізінен. Енді өндіру де соған сай көтеріледі", - дейді "ЕмбіМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Әнуар Жақсыбеков.

"ЕмбіМұнайГаз" компаниясы 2016 жылы кен орындарына цифрландыру жүйесін енгізді. Нәтижесінде "УАЗ" кен орнында электр энергиясына кеткен шығын 35 пайызға азайып, жөндеу аралық кезең мың жарым күнге ұзарған. Мұның барлығы өндірістің тиімділігін арттырады екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу