banner

Өндірісте жарақат алу 25 пайызға азайды

1065

Өндірісте жарақат алу 25 пайызға азайды

Алты айдың ішінде елорданың травматологиялық пунктеріне 26 040 науқас жүгінген. Бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 0,3 пайызға төмен, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің медиа орталығы.

"Қазіргі таңда елордада № 1, 2, қалалық ауруханалардың, Травматология және ортопедия ұлттық ғылыми-зерттеу институтының және Теміржол ауруханасының базасында травматологиялық пунктер бар. Аталмыш травматологиялық бөлімшелер тәулік бойы жұмыс істейді. Күндізгі жұмыс уақытында пациенттер қалалық емханалардың жанындағы травматологиялық бөлмелерге келе алады",- дем мәлімдеді Астананың денсаулық сақтау басқармасының емдеу-профилактикалық және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің жетекшісі Саттар Әбдіғұлов.

Ағымдағы жылдың 6 айында былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, өндірістік жарақат алу 23,5 пайызға, көшеде жарақат алу - 4,9 пайызға төмендегені  және спорттық жарақаттардың 0,2 пайызға артқаны байқалады.

"Алғашқы жарты жылдықта жарақат алулардың ішінде тұрмыстық және көшедегі жарақаттардың саны басым", - деді Саттар Әбдіғұлов .

Оның мәліметтеріне қарағанда, травматологиялық бөлімшелер ҚР үкіметінің "Кепілдендірілген тегін медициналық көмек көлемінің тізімін бекіту туралы" қаулысы аясында халыққа тегін қызмет көрсетеді

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу