Астанада үлкен теннистен халықаралық турнир өтеді

17 Шілде 2018 18:29

2018 жылдың 18-22 шілдесі аралығында Астанада үлкен теннистен ATP Challenger және ITF Women’s сериялары аясында «Президент Кубогы - 2018» Халықаралық турнирі өтеді, деп хабарлайды olympic.kz. 

Жарыстың жүлде қоры – 205 000 АҚШ доллары. 

Турнирге әлемнің 30 мемлекетінен 100-ге дуық спортшы қатысады деп күтілуде. Олардың арасында әлемдік рейтингте ТОП -100 қатарына енетін теннисшілер де бар. 

Президент Кубогына қатысатын қазақстандық теннисшілер қатарында Дмитрий Попко, Тимур Хабибулин, Деннис  Евсеев, Роман Хасанов, Гозаль Айнитдинова және Жібек Құламбаевалар бар. 

Президент Кубогы – 1991 жылдан бері Қазақстанда өткізіліп келе жатқан кәсіби спортшылар арасындағы ірі теннис турнирлерінің бірі. 

Осы уақыт аралығында балаларға арналған «Astana Masters 12& under President’s Cup» және әуесқойлар бақ сынайтын «President’sCup-2018» турнирі өтеді.

Жарысты ұйымдастырушы – Қазақстан теннис федерациясы.