Астанада үш күнде 40 мас көлік жүргізушісі ұсталды

884

Жол ережелерін бұзудың 800-ге жуық фактісі анықталды. 

Астанада үш күнде 40 мас көлік жүргізушісі ұсталды

Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі 9-11 қарашада "Мас жүргізуші – қылмыскер" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізді, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Өткен үш күннің ішінде жол ережелерін бұзудың 800-ге жуық фактісі анықталды. 40-тан астам жүргізуші көлікті мас күйінде тізгіндеген, шамамен 160 жүргізуші жол белгілері мен белгілеулер талаптарын сақтамаған. 30-дан астам оқиға бойынша жүргізушілер мен жолаушылар қауіпсіздік белбеуін тақпаса,  құқықбұзушылықтардың 50-ге жуығы көлік құралдарын пайдалануға қатысты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу