Астанада жас суретшілердің ерекше көрмесі ашылды

1058

Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің 14 жас суретшісінің туындылары қойылған.

Астанада жас суретшілердің ерекше көрмесі ашылды

Астанада жас суретшілердің ерекше көрмесі ашылды. Көрмеге Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан, Өзбекстан елдерінің 14 жас суретшісінің туындылары қойылған, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

"Перезагрузка. Оптимизация пространства" атты көрме "Astana Art Show" жобасының аясында өтуде. Көрменің ұйымдастырушысы "ARTtop" қазіргі заманғы өнерді қолдау қоры. Экспозицияның салтанатты ашылуы "Москва" БО-ның залында өтті.

Көрме барысында суретшілермен кездесулер, ашық дәрістер, кураторлық экскурсиялар ұйымдастырылды.

"Бұл көрме жадыны зерттеу және қайта ойлау, қажетсіз "жүкті" түзеуге әрекет, заманауи өнерде жаңа тақырыптар мен пайымдар іздеу, бір адым алға жылжығу талпыну. Суретшілерді тек жастық және географиялық ценз ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік, тарихи және мәдени кеңістік байланыстырады. Сондай-ақ, жұмыстарда ғылым, философия және психоанализ бойынша бірқатар мәселелер қаралады", - дейді экспозиция кураторы Айгүл Ибраева.

Оның сөзінше, қазір жас суретшілер жаңа заман медиа саласында жұмыс істей отырып, соңғы трендтерді де ұмытпайды, өздерінің жұмыстарын заманауи тұрғыда жасай отырып, ұлттық болмысы мен салт-дәстүрлерін жоғалтпайды.

"Ұсынылған жұмыстар жалпы контексте индивидтің талдау қажеттілігін" біріктіреді, оның ойлауы, жады - қоғамды қазіргі заман тұрғысынан зерделеуінде, қалай көрсететіндігінде", - деп түсіндірді Айгүл Ибраева.

Көрме осы жылдың 20 қазанына дейін жалғасады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу