banner

Астанада жастарға көмек беретін тағы бір орталық ашылды

840

Орталыққа бірінші күні 80-ге жуық адам келген. 

Астанада жастарға көмек беретін тағы бір орталық ашылды

"Артем" базарынан алыс емес, "Аймақ тау" сауда үйінен тағы да бір жастарға көмек беру орталығы ашылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Онда қала жастары жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасы, денсаулық сақтау және жұмыспен қамту орталығының өкілдеріне өздерін мазалаған сұрақты қоя алады. Мұнда сонымен қатар тұрғын үй басқармасы, Тұрғынүйқұрылысжинақбанкі, Халыққа қызмет көрсету орталығы және "ДАМУ" қорының өкілдері де жұмыс істейді. Орталықтың негізі мақсаты – жастарды қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалардың қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқаны туралы ақпараттандыру және қала тұрғындары үшін арнайы бөлек консультациялық көмек көрсетіледі.

"Орталық "Аймақ Тау" СҮ № 300 бутигінде орналасқан. Ол тұрақты түрде жұмыс істейтін болады. Мұнда жұмыс пен баспана туралы сауалдарды дүйсенбі мен сейсенбіден басқа күндердің барлығында келіп сұрауға болады. Яғни жұмыс кестесін біз сенбі, жексенбі күні де жұмыс істейтін қылып қойдық. Орталықтың заңгері мен психологы құқық бойынша және жеке сауалдармен өтемсіз түрде кеңес ала алады және басқа маманға жолдайды әрі соңғы нәтиже шыққанша сүйемелдеп жүреді", - Астана қаласы әкімдігінің "Астана Жастары" жұмысқа орналастыру және мамандыққа бейімдеу бөлімінің басшысы Айдана Мұсатаева.  

Оның айтуынша орталыққа бірінші күні 80-ге жуық адам келген. Көпшілігін жұмысқа орналасу, бизнес ашу, "7-20-25" бағдарламасы бойынша үй алу мәселесі қызықтырған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу