Астанада жолаушылардың 94 пайызы көлік картасына көшкен

823

Көлік картасы енгізілген сәттен бастап алты мамандандырылған касса ашылып, 30 RTVM-автомат орнатылды. Сондай-ақ, картаны QIWI, Касса24, Kaspi.kz, Tenge сервистері, transcard.kz арнайы сайты арқылы толықтыру ұйымдастырылды. 

Астанада жолаушылардың 94 пайызы көлік картасына көшкен

Сараланған тариф енгізілген сәттен бастап, көлік картасын 600 мың жолаушы пайдаланды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.                                         

Жұмыс күндеріндегі жолаушылар ағымы орта есеппен 720 мың сапарды құрайды. Жолақысын қолма-қол ақшамен төлеу едәуір төмендегегінін байқауға болады, күніне 40-45 мыңға тарта қағаз билет беріледі. Жеңілдікті санаттағы азаматтар күніне орта есеппен 100 мың сапар жасайды. Қоғамдық көлікті пайдаланушылардың 90 мыңнан астамы күн сайын көліктік картаның көмегімен бір автобустан екіншісіне тегін отырады.

Көлік картасы енгізілген сәттен бастап алты мамандандырылған касса ашылып, 30 RTVM-автомат орнатылды. Сондай-ақ, картаны QIWI, Касса24, Kaspi.kz, Tenge сервистері, transcard.kz арнайы сайты арқылы толықтыру ұйымдастырылды.

Қыркүйекте "HalykBank" АҚ-мен және "Beeline" бірлесіп, жол ақысын SMS және QR-код арқылы төлеуді іске қосқан болатын.  Бұл әдістер жолақысын ұялы телефон арқылы бірден төлеуге мүмкіндік береді. Ал QR-код арқылы жолақысын төлеу үшін SMSBus Жолаушы, HomeBankScan&Pay, менің Beeline-ым қосымшаларын пайдалануға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу