Астанадағы жаңа гүлзарға поляк ақынының есімі беріледі

1016

Польшаның Қазақстандағы елшілігі польшалық сәулетші Якуб Щесныймен бірге Астананың 20 жылдығына тарту ретінде елордадағы жаңа қоғамдық кеңістігін салады.

Астанадағы жаңа гүлзарға поляк ақынының есімі беріледі

Астанада салынатын жаңа гүлзар поляк ақыны Густав Зелинскийдің атымен аталатын болады, деп хабарлайды elorda.info Урбанистика орталығына сілтеме жасап.

Польша Республикасының Қазақстандағы елшілігі польшалық сәулетші Якуб Щесныймен бірге Астананың 20 жылдығына тарту ретінде елордадағы жаңа қоғамдық кеңістігін салады.

Кенесары мен Янушкевич көшелерінің қиылысындағы бос жерге қоғамдық кеңістік жасау жоспарланған. Жобалық атауы "Үшбұрыш" деп аталған гүлзарға поляк жазушысы Густав Зелинскийдің атын беру ұсынылды.

Айта кетейік, Зелинский 1842 жылы қазақ тайпаларының өмірі туралы жазған "Қырғыз" поэмасымен танымал. Сондай-ақ көшеге аты берілген Адольф Янушкевич пен Густав Зелинский дос болған. Зелинскийдің поэмасына Янушкевичтің қазақтың тұрмысы туралы жазбалары негіз болды. Шығарма көптеген әлем тілдеріне аударылды, Польшада 20-дан астам басып шығарылды.

Урбанистика орталығының ақпараты сәйкес, сәулетшінің инсталляциясы гүлзардың бір бөлігін ғана алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу