Астанадан 40 мыңнан аса текше метр қар шығарылды

10 Қараша 2018 12:39
Астанадан 40 мыңнан аса текше метр қар шығарылды , Астана, қар шығару, iKomek

Барлық тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша тәулік бойы Астана iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына хабарласуға болады, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты. 

Өткен тәулікте көшені тазалауға 459 бірлік мамандандырылған техника шығарылды. Қаланы санитарлық тазалауға 309 жол жұмысшысы қатысты. 9 қарашада 763 текше метр құм-тұз аралас қоспа себілді. «Астана Тазалық» ЖШС 11 536 текше метр қарды жинап, сыртқа шығарды. 16 қазаннан бастап 9 қарашаға дейін бар-жоғы – 46 890 текше метр қардан тазартылды.

Астана әкімдігі барлық тұрғын үй-коммуналдық мәселелер, оның ішінде қар тазалау бойынша Астана iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына немесе саІІ-орталықтың 109 номеріне хабарласуға болатынын еске салады.