Астанаға көмір былтырғыдан 2,5 есе артық жеткізілді

1170

Өткен жылдың тамыз және қыркүйек айының 17-і аралығында Астанаға 20,4 мың тонна көмір жеткізілген ал биыл 52,2 мың тонна.

Астанаға көмір былтырғыдан 2,5 есе артық жеткізілді

Астана қаласының отын-энергетикалық кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасы баға өсімінің алдын алу үшін көмір сатушылармен меморандумдарға қол қойды, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Өткен жылдың тамыз және қыркүйек айының 17-і аралығында Астанаға 20,4 мың тонна көмір жеткізілген болатын. Осы жылдың сәйкес кезеңінде 52,2 мың тонна қатты отын жеткізілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 155% -ға (немесе 2,5 есеге) артық.

Сондай-ақ, көмірді жеткізу кезінде кезек пайда болуда. Көмірді сату орындарындағы ұзын-сонар кезектің пайда болуы трейдерлердің қатты отынды уақтылы жеткізбеулерінен.

Осы жылдың 20 қыркүйегіндегі жағдай бойынша: 20 қыркүйекке 7 вагон немесе 489 тонна көмір елордаға әкелінді: 4 вагон Шұбаркөл (280 тонна), 3 вагон Майкөбе (209 тонна).

Көмір бағасы: Шұбаркөл - тоннасы 13500-14500 теңге; Қаражыра - тоннасы 14000 теңге; Майкөбе - тоннасы 12000-12500 теңге; Богатырь көмірі – тоннасы 8500-9500 теңгеден сатылуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу