Астаналықтардан автотұрақ ақысын төлемегені үшін 30 миллон теңгеден астам айыппұл өндірілген

1036

Ақылы автотұрақтар енгізілген кезеңнен бастап пайдаланушылар 9,1 млн теңге төлем жасаған.

Астаналықтардан автотұрақ ақысын төлемегені үшін 30 миллон теңгеден астам айыппұл өндірілген

Жаңа автотұрақтар негізінен Астананың көше-жол желісінің жүктелген учаскелерінде пайда болады, деп хабарлайды Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Қалалық мәслихат отырысында әкім орынбасары Сергей Хорошун қаладағы автотұрақтар жайы туралы айтты. Оның айтуынша, жыл аяғына дейін автотұрақтар орны 4 мыңға дейін өседі және автотұрақтар негізінен Астананың көше-жол желісінің жүктелген учаскелерінде пайда болады, ал 2019 жылдың соңына дейін олардың санын 10 мыңға жеткізу жоспарда бар.

Ақылы автотұрақтар енгізу, қаладағы көлік санының артуымен тікелей байланысты. Бүгінгі таңда қалада 500 мың көлік бар және олардың саны күн санап артуда.

Сергей Хорошунның айтуынша, ақылы тұрақ орындарын салу көлік құралдарының қозғалысын ретке келтіруге мүмкіндік береді.

"Мысалы, Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай терминал құрылысы мен вокзал маңын қайта жаңарту аяқталғаннан кейін елордадағы автотұрақтар орны 3 есеге өсті. (300-ден 806-ға орын) Сондай-ақ, темір жол вокзалы маңындағы алаңда ақылы көлік тұрағы іске қосылды, ондағы көлік қоятын тұрақ 254 орынды құрайды. Ақылы тұрақты енгізгенше жүктеме 100 % еді, ал қазір 35−40 %. 2018 жылдың қаңтарынан бастап "Нұржол" сулы-нулы бульвары аймағында 487 демонстрациялы ақылы тұрақ кеңістігін іске қосу жүзеге асырылды. Бұл шешім көлік ағынын реттеуге мүмкіндік берді", - деді әкімнің орынбасары.

Айта кетейік, ақылы автотұрақтар енгізілген кезеңнен бастап пайдаланушылар 9,1 млн теңге төлем жасаған. Сонымен қатар, ақылы автотұрақ қызметін төлемегені үшін әкімшілік айыппұлдар ретінде 30 млн-нан астам теңге түріндегі мемлекеттік кіріс өндірілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу