banner

Астраханда "Қазақстанда жасалған" көрмесі өз жұмысын бастады

961

Іс-шараға 50-ден астам қазақстандық кәсіпорындар қатыспақ.

Астраханда "Қазақстанда жасалған" көрмесі өз жұмысын бастады

Бүгін ресейлік Астрахань қаласында "Қазақстанда жасалған" атты екі күндік сауда-өнеркәсіп көрмесі өз жұмысын бастады. Іс-шараны Ресей Федерациясындағы Қазақстан Республикасының елшілігі, Астрахандағы ҚР Консульдігі Қазақстанның сыртқы сауда палатасымен бірлесіп ұйымдастырып отыр, деп хабарлады ССП баспасөз қызметі.

Іс-шараға Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстарынан ел экономикасының негізгі машина жасау, құрылыс, химия, фармацевтика, жеңіл өнеркәсіп және агро-азық-түлік кешені салаларымен айналысатын 50-ден астам қазақстандық кәсіпорындар қатыспақ.

Көрменің іскерлік бағдарламасына "Қазақстандағы бизнесті жүргізу басымдықтарының таныстырылымы" тақырыбына бизнес-семинар және В2В форматындағы келіссөздер кіреді.

Бұл іс-шара Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы кәсіпкерлерінің арасындағы іскерлік қарым-қатынастарды жолға қоюдың жалғасы болып табылады және екі елдің экономикаларының өсуі мен бәсекеге қабілеттігін қамтамасыз ету мақсатында билік пен бизнестің сындарлы өзара іс-қимылының мәселелерін шешуге қызмет етеді.

Іс-шараның өткізілетін орны: Астрахань қ., Николай Островский көшесі, 147-үй, "Звездный" спорттық-ойын-сауық кешені.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу