Астықты жүргізушісіз комбайн жинайды

614

Астықты жүргізушісіз комбайн жинайды

Қазақстанда тұңғыш рет "Қаскелең агропаркі" аумағында жүргізушісіз (бос кабиналы) комбайн тәжірибе жүргізуге арналған алқаптарда астық жинауды бастайды, деп хабарлайды ҚР АШМ баспасөз қызметі.

Алқаптың электронды картасына арнайы ойластырылған бағдарлама алқаптағы астық жинау машинасын адамның қатысуынсыз басқаратын болады. 

Жоба агроөнеркәсіптік кешенді сандық бағдарламалау аясында жүзеге асырылады және оның аясында электронды суаруды енгізуден бастап, дрондардың көмегімен жерді қашықтықтан алдын ала тексеру, роботтандырылған тазалау және спутникпен байланысты метеостанцияға дейін тыңайтқыштарды автоматты түрде енгізу сияқты бірқатар шара кешені қамтылған.

Ақылды комбайн жинайтын өсімдіктер де қарапайым емес. Олар Қазақстандағы климатқа үйретілген Еуропаның үздік сұрыптары, сондай-ақ отандық селекционерлердің соңғы жаңалықтары.

Көктемгі далалық жұмыстар басталғаннан бері бүкіл Қазақстанның фермерлері Агропарк аумағында оқу мүмкіндігіне ие болған еді. Енді осы технологияларды агробизнесмендер бүкіл ел бойынша тауар шаруашылығына енгізе бастайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу