Асыл тұқымды мал жәрмеңкесі ұйымдастырылды

1437

Асыл тұқымды мал жәрмеңкесі ұйымдастырылды

Қарасу ауданындағы ферма 19 жылда ірі-қара басын жүз есе көбейтіп, он мыңға жеткізді. "Сыбаға" бағдарламасы жүзеге асқалы бұл шаруашылықтан сиыр сатып алуға ынталы кәсіпкердің саны артқан. Асыл тұқымды ірі-қараның бір парасы бәссауда арқылы биыл да сатылымға шықты, деп хабарлайды 24.kz.

Қарасу ауданында тап мұндай бәссауда осымен бесінші рет өтіп отыр. Биылғы "жәрмеңкеге" еліміздің 4 облысынан 20-ға тарта қатысушы келген. Сатылымға асыл тұқымды 60 бұқа шығарылды. 16-18 айлық тайыншалардың бастапқы бағасы жарты млн-ға жақындайды.   Айдар Нығметов Қарасудағы бәссаудаға мал дәрігерін ертіп, Ақмола облысынан арнайы келді. Мақсаты – асыл тұқымды сиыр сатып алып, репродуктивті шаруашылық ашу. Бұл жолы олар екі жүз бас қашар сатып алуға келісім жасасты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу