30 жетім баланың ТҚЖБ-дегі жинақ шоты толықты

898

30 жетім баланың ТҚЖБ-дегі жинақ шоты толықты

Ақтөбе облысында "Бақытты бала" жобасын жүзеге асыру жалғасып жатыр. Ата-ана қамқорынсыз қалған жетім балаларды баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді. Осы мақсатта жыл басынан бері балалардың ТҚЖБ-дегі жинақ шоттары 71,2 миллион теңгеге толықты. 30 баланың ендігі өз баспаналары бар, деп хабарлайды өңір әкімінің баспасөз қызметі.

4 шілде күні Астананың мерейтойы мен Дөң тау-кен байыту комбинатының 80 жылдығын мерекелеуге орай тағы 12 млн теңге Хромтау ауданында қамқоршысымен бірге тұрып жатқан сегіз баланың шотына аударылды.

Балаларға сертификаттарды Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев пен ERG менеджерлер кеңесінің төрағасы Александр Машкевич тапсырды.

Бердібек Сапарбаев сондай-ақ, ERG атынан келген Александр Машкевичке әлеуметтік жауапкершілігі үшін алғыс айтты. Ол "Қазхром" ТҰК" АҚ қаражаты есебінен Ақтөбеде тұңғыш рет Шығармашылық академиясы тұрғызылғанын еске салды, бүгінде 7 мыңға жуық ақтөбелік бала түрлі секциялар мен үйірмелерге барып жүр.

Бұдан кейін өңір басшысы мен "Еуразиялық топ" менеджерлері кеңесінің төрағасы қайта жаңғыртылған "Кенші" аллеясының ашылуына қатысты. Аллеяның басты көркі жаңартылған екі субұрқақ болды. Құны 42, 9 млн теңге болатын жұмыстар "Туған жерге тағзым" акциясы аясында орындалған.

Осында аллеяда Бердібек Сапарбаев пен Александр Машкевич "Бақытты бала" балалар суреттерінің көрмесін қарап шықты. ДТКБК қызметкерлерінің балалары қатарындағы жас суретшілер 30 картинаны ұсынды. Кәсіпорынның көп балалы алты отбасына ноутбуктер тарту етілді.

         Бұдан басқа, облыс әкімі мен ERG менеджерлер кеңесінің төрағасы Хромтау ауданына сапары кезінде Хромтау қаласындағы "Кенші" орталық стадионының тұрмыстық корпусының құрылыс барысымен танысты. Құрылыс жұмыстарын Дөң КБК қаржыландырады. Сондай-ақ, биыл облыс әкімдігі мен "Еуразиялық топтар" арасындағы әлеуметтік жауапкершілік туралы меморандум аясында "Кенші" стадионының өзі де айтарлықтай жаңғыртылмақ. Күрделі жөндеу жұмыстары кезінде стадионға футбол ойнау үшін заманауи жасанды жабынды төселеді, дыбыс жүйесі мен Led-экрандар орнатылады. Осы мақсатқа 2018 жылы 200 млн теңге аударылады. Осы жобаларды жүзеге асырудың арқасында бірінші лиганың "Ақтөбе-Жас" футбол командасы толыққанды жеке жаттығу базасына ие болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу