Аты жоқ шыңға «Астананың 20 жылдығы» атауы берілді

Альпинистер бағындыратын (3446м) Түркістан облысының Сайрам-Өгем Ұлттық паркінде орналасқан соңғы 20-шың Елорданың 20 жылдығына орай «Астананың 20-жылдығы» атауын алды.

21 Қыркүйек 2018 18:21
Аты жоқ шыңға «Астананың 20 жылдығы» атауы берілді , альпинист,Түркістан облысы, Сайрам-Өгем Ұлттық паркі, Астананың 20-жылдығы

Түркістан облысындағы аты жоқ шыңға «Астананың 20 жылдығы» атауы берілді, деп хабарлайды «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Альпинистер бағындыратын (3446м) Түркістан облысының Сайрам-Өгем Ұлттық паркінде орналасқан соңғы 20-шың Елорданың 20 жылдығына орай «Астананың 20-жылдығы» атауын алды.

20-шыңды бағындыруға жаппай альпиниаданың басталуына арналған іс-шараға Қазақстан Республикасының парламентінің мәжілісі депутаттары Павел Казанцев пен Серік Сапиев, сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ербол Тасжүреков қатысты.

«Біз Қазақстанды тау державасына қайта айналдыру жолындамыз. Бұл үшін тау туризмнің барлық түрлерін дамытуға келетін еліміздің шығысына да, оңтүстігінде де керемет таулар бар»,  - деп айтты Павел Казанцев.

Өз кезегінде, Серік Сапиев өткізіліп жатқан экспедицияның ішкі туризімді дамытуға, жасөспірімдерді патриоттық және спорттық тұрғыда тәрбиелеу маңызын атап өтті.

Бүгінгі таңда Тянь-Шань тауларының Қазақстан жағы айтарлықтай танымал емес, сондықтан осы шараның мақсаты қазақстандықтар мен дүние жүзіне елімізде тау туризмін дамытуға әлеуеті бар екенін көрсету. Келешекте экспедиция барысында жиналған материалдар туристік бағдарламалар мен тиісті халықаралық гайбуктерге енгізілетін болады.