Атырау облысы Астанаға көпір сыйлайды

2732

Атырау облысы Астанаға көпір сыйлайды

Атырау облысы Астанаға құны 6 миллиард болатын, қаланың екі бөлігін қосатын көпір сыйлайды, деп хабарлайды Today.kz.

Бұл мұнайлы өлкенің Астана күніне арналған сыйлығы болмақ. 

"Біз қазір қаланың сол жағалауы мен оң жағалауын қосатын көпір салып жатырмыз. Көпірдің құрылыс жұмыстары жүріп жатыр, оны аяқтау ойымызда бар. Көпір жергілікті бюджет пен демеушілердің қаражатына салынып жатыр. Құны 6 миллиардты құрайды", – деді Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев. 

Айта кетсек, Астананың 20 жылдығына орай, өңірлер қала көркіне үлес қосуда.  

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан облысы Елордаға мерейтой қарсаңында Мәншүк Мәметованың мүсінін сыйлайтыны тура жазған едік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу