Атырауда аула командалары арасында стритболдан сайыстар өтеді

927

Атырауда аула командалары арасында стритболдан сайыстар өтеді

Астананың 20 жылдығына арналған "Atyrau Open" қалалық турнирі 1 аптаға созылады, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі. 
23-28 маусым аралығында Атырауда стритболдан 2002-2007 жылы туылған аула жасөспірімдері арасында қалалық турнир өтеді. 
- Балалар үшін бос уақыттын, жазғы демалыстарын тиімді өткізіп, осы спорт түрін дамытуға серпін беру мақсатында жарыстар мақсатты түрде ұйымдастырылады. Қалалық турнирге 11-16 жас аралығындағы жасөспірімдер қатыса алады, - деді қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Ринат Ибрагимов.
Бірінші кезең 23 маусым күні АМГУ ауласында, екінші кезең 25 маусымда 17 орта мекетепте, үшінші кезең 26 маусым күні 16 орта мектепте . Жарыстың соңғы кезеңі 28 маусым күні Мұнайшы спорт кешенінде өтеді. Басталуы 10:00. 
Төрт кезеңнен іріктеліп шыққан қатысушылар 1 шілде күні "Байзар" сауда орталығының алдында сынға түседі. Ал, ең үздіктері 6 шілде күні "Бейбарыс" алаңында финалдық бәсекеде жеңімпазды анықтайтын болады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер қаржылай сыйлыққа ие болады. 
Ауқымды жобаны Атырау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен бұқаралық спортты дамыту орталығы ұйымдастырады.
Айта кету керек, бұдан бұрын қаламызда Street WorkOut сайыстары өткізіліп, жастар арасында үлкен қызығушылыққа ие болған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу