Атырауда лифт шахтасына құлаған екі жасөспірім мерт болды

857

Атырауда лифт шахтасына құлаған екі жасөспірім мерт болды

Атырау қаласында лифт шахтасына екі жасөспірім құлап кетіп, біреуі оқиға орнында қаза тапты. Екіншісі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде қайтыс болды, деп хабарлайды 24.kz.

Оқиға кеше кешкісін сағат 21:00 шамасында болған. Облыс орталығындағы "Алмагүл" ықшам ауданының 19 үйінде жүк лифтісін екі жасөспірім ашып, 15-қабаттан шахтаға құлап кеткен. Аталған үйге жауапты "Тату" пәтер иелері коопертивінің төрайымы Зухра Ильясованың айтуынша, аталған лифт мүлде жұмыс жасамайды екен. Оны жасөспірімдердің неге ашқаны, әзірге белгісіз.

Құзырлы органдар аталған оқиғаға қатысты қандай да түсінікті кейінге қалдырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу