Атырауда түнгі марафон өтеді

994

Атырауда түнгі марафон өтеді

Атырауда алғаш рет түнгі марафон өтеді. Жарыстың ұйымдастырушылары аталған іс-шара 13 мамырда өткен "Atyrau Marathone-2018" жалғасы болатынын айтады, деп хабарлайды .

"Атырау қаласындағы марафон жылына бір рет өткізілетіндіктен түнгі марафонды қаланың тұрғындары мен қонақтарының қызығушылығын арттыру үшін ұйымдастырамыз. Жыл бойы аталған спорт түріне қатысты шараларды жиі өткізуді жоспарлап отырмыз. Бірқатар елде осыған ұқсас жарыстар болуда. Бұдан Атырау да қалыс қалмайды", - дейді "Atyrau Marathone-2018" ұйымдастыру комитетінің вице-президенті Юрий Пономарев.

Түнгі марафонға қатысушылардың спорттық киімінде жарқыраған элементтер - неон немесе гирлянда болуы шарт. Жүгірушілер үшін қашықтық 5 шақырым болады. Қатысушыларға неон білезіктер беріледі.

"Атырау қаласының тұрғындары мен қонақтары үшін бұл тек спорттық іс-шара ғана емес, мереке. Осы күндері бүкіл Қазақстан Елорда күнін атап өтеді, түнгі марафон біздің өңірдегі мерекелік іс-шаралар сериясының жалғасы болады", - дейді Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.

Іс-шара соңында түнгі марафон ұйымдастырушылары ең креативті және "ең жарқыраған киімді" таңдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу