Атырауда "Нұрлы жер" бойынша салынған алғашқы тұрғын үй қолданысқа берілді

1371

Атырауда "Нұрлы жер" бойынша салынған алғашқы тұрғын үй қолданысқа берілді

Атырауда "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынған алғашқы көпқабатты тұрғын үй қолданысқа берілді.  Бұл жоба арқылы 68 отбасы жаңа пәтерге қоныстанса, тағы 8-і жыл соңына дейін баспаналы болады, деп хабарлайды 24.kz. 
Мемлекеттік бағдарламаның басты талабы жылдық пайыздық үстемақы 10%-дан аспауға тиіс. Ал қалған 7%-ды мемлекет өтеп береді. Жаңа жоба еліміздегі ипотекалық несиелеу жүйесі мен тұрғын үй құрылысының дамуына толық мүмкіндік береді. 
"Биыл 37 көпқабатты тұрғын үй салу жоспарланған болатын. Оның 29-ы, яғни 1617 пәтер қолданысқа берілді. Қалған 8 үйдің құрылысы жылдың соңына дейін аяқталады", - дейді облыстық құрылыс басқармасының басшысы Мәлік Аманов.
Қазір мемлекеттік бағдарлама аясында облыс орталығындағы "Береке", "Нұрсая" шағынаудандарында көпқабатты тұрғын үй құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жыл соңына дейін тағы 43 көпқабатты үйдің іргетасы қаланып үлгереді. Бұл үйлері келер жылдың алғашқы жарты жылдығында қолданысқа беріледі.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу