banner

Аудан әкімі мен орынбасары парамен ұсталды

1102

Олар әкімдік ғимаратында 3 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды. 

Аудан әкімі мен орынбасары парамен ұсталды

Ақмола облысына қарасты Зеренді ауданының әкімі М.Мұстафин мен оның орынбасары Ы.Мұқашев кеше әкімдік ғимаратында 3 млн теңге көлемінде пара алып жатқан жерінен ұсталды, деп хабарлайды 24.kz.

Шенеуніктерді ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросының қызметкерлері қолға түсірген. Қазір аталған іске қатысты жедел тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ал істің анық-қанығы әзірге құпия күйінде сақталады.

Айта кету керек, М.Мұстафин 2011-2017 жылдар аралығында Ақмола облыстық тексеру комиссиясын басқарған болатын. Ал 2017 жылдың 20 желтоқсанында Зеренді ауданының әкімі болып тағайындалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу