Ауған компаниялары қазақстандық ұн өнімдеріне қызығушылық танытуда

705

Ауған компаниялары қазақстандық ұн өнімдеріне қызығушылық танытуда

Ауғанстан ислам республикасының Кабул қаласындағы Kabul Star отелінде Қазақстан мен Ауғанстанның ресми өкілдерінің қатысуымен сауда-экономикалық миссиясы өткізілді.  

Қазақстандық бизнес делегация тағам, өнімдері, энергетикалық, құрылыс-монтаж бен жөндеу-сервис салаларынан келді. Ауған тарапынан сол бағыттағы 40-тан астам компания қатысты. 

Атап айтқанда, ауған компаниялары қазақстандық өндіріс ішінен ұн, макарон өнімдері, трансформатор және тағы да басқа тауарлардың импортына қызығушылық танытты. 

Сауда-экономикалық миссияның ресми делегациясын Қазақстан Республикасының Ауғанстандағы елшісі А.О.Есенгелдиев, Ауғанстанның ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары мен энергетика және су ресурстары министрінің орынбасары басқарды.

Іс-шараны ұйымдастыруға Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму бойынша министрлігі, Қазақстан Республикасының Ауғанстан елшілігі, "Атамекен" кәсіпкерлердің ұлттық палатасы,   Қазақстанның сыртқы сауда палатасы,  Ауғанстан сауда-өндіріс палатасы бірлесіп атсалысты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу