Ауруханаға менингитпен түскен оқушының жағдайы ауыр - дәрігер

1476

Ақтөбе қаласындағы №20 мектептің 11-сынып оқушысы ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. 

Ауруханаға менингитпен түскен оқушының жағдайы ауыр - дәрігер

Ақтөбеде мектеп оқушысынан менингит анықталды, деп хабарлайды astanatv.kz.

Қаладағы №20 мектептің 11-сынып оқушысы ауыр хәлде жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір онымен араласқан оқушылар мен ұстаздар түгел дәрігерлік тексерістен өтуде.

Оқушының бір күн бұрын денесі бөртіп, дене қызуы көтеріліп ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер менингит диагнозын қойған.

"Жағдайы ауыр, қалыпты жағдайдағы ауыр болып тұр. Бізге оны жедел жәрдеммен жеткізді. Қатты дене қызуы, бас ауруы мен денесінде бөртпесі болды. "Іріңді менингит" деп отырмыз", - дейді облыстық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Майра Нұрғалиева.

Ақтөбеде жыл басынан бері алты менингит дерті тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу