Аустралияда тікұшақ құлады

Ұшақ орман өртін сөндіруге жіберілген екен.

18 Тамыз 2018 10:29

Аустралияның оңтүстік-шығысындағы орман өртін сөндіруге жіберілген арнайы тікұшақ құлады. Ұшқыш қайтыс болды, деп хабарлайды 24.kz.

Рейтер агенттігінің хабарлауынша, көлік ағашқа соқтығысқан. Оқиға Сиднейден 180 шақырым жерде орналасқан Жаңа Оңтүстік Уэльс штатының жағалауында болды. Осы аймақта жалынның 80 шақты ошағы тіркелді.

Мамандардың айтуынша, табиғи апатқа аптап ыстық себеп. Соңғы ақпарға сәйкес, тілсіз жауды ауыздықтауға 700 адам мен 40 әуе техникасы жұмылдырылды. Синоптиктердің болжамынша, қарашаға дейін ыстық басылмайды екен.

"Дәл осы уақытта орман өртінің көбеюі увстралияда сирек болатын жағдай. Негізінен бұған құрғақ ауа мен аптап ыстық әсер етеді. Ал тоқтамай тұрған жел оның үдей түсуіне себеп болып отыр", - дейді Оңтүстік Уэльс өрт сөндіру комитетінің басшысы Шейн Фитцсиммонс.