banner

Автобус апатынан 13 адам мерт болып, 20 жолаушы жарақат алды

809

Автобус апатынан 13 адам мерт болып, 20 жолаушы жарақат алды

Колумбияның батысында болған жантүршігерлік жол апатынан 13 адам қайтыс болып, 20 адам зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқыс оқиға жексенбі күні таңертең Колумбияның батысындағы Валье-дель-Каука департаментінің Йотоко муниципалитетінде болған. Әуесқой баскетбол командасының ойыншылары мінген автобус жүргізушісі рульге ие бола алмай, көлік аударылып кеткен. 9 адам оқиға орнында қаза тапқан. Тағы 4 адам ауруханада жан тапсырып, 20 жолаушы жарақат алған.

Өңір басшылығы оқиға себептерін тексеріп жатыр. Жол апатына себеп болған жағдайлардың бірі ретінде тежегіштің істен шыққаны айтылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу