Азия ойындары: Қазақстан қоржынында тағы бір медаль

900

Кирилл Казанцев маунтинбайктан қола медальға қол жеткізді.

Азия ойындары: Қазақстан қоржынында тағы бір медаль

Қазақстандық Кирилл Казанцев маунтинбайктан Азия ойындарының қола жүлдегері атанды деп хабарлайды Olympic.kz.

Кросс-кантри категориясында сынға түскен спортшымыз бірнеше айналым бойы бірінші орында келе жатқан. Алайда, мәреге жақын қалғанда Казанцев сыр беріп, қытайлық спортшыларды алдына жіберіп алды. 

Осылайша, біздің спортшымыз жеңімпаздан 2 минут 32 секундқа кейін қалып, қола жүлдегер атанды. Күміс медаль да Қытай спортшысының еншісінде. 

Бүгін жарыс жолына шыққан тағы бір қазақстандық Шарик Әділов 8-ші орында. 

Кирилл Казанцев Азия ойындарының жетінші медалін ел қоржынына салды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу