Бахрейн Астанадағы мектеп құрылысын қаржыландырмақ

911

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Бахрейн Ханзадасының атындағы қайырымдылық қорының бас хатшысы Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед мырзамен кездесті.

Бахрейн Астанадағы мектеп құрылысын қаржыландырмақ

Астана әкімі Бақыт Сұлтанов Бахрейн Ханзадасының атындағы қайырымдылық қорының бас хатшысы Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед мырзамен кездесті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Тараптар келіссөздер жүргізудің қорытындысынан кейін Астанада білім объектісінің құрылысын салу мүмкіндігіне тоқталды.

Айта кетейік, 2014 жылы Бахрейн ханзадасы Хамад бен Иса әл Халифа Қазақстанға ресми сапары кезінде әлеуметтік нысанның құрылысын салу туралы келісімге қол жеткізген болатын, ол Бахрейн хандығының Астанадағы символы іспеттес болар еді.

Кездесудің соңында Астана әкімі Бақыт Сұлтанов қайырымдылық қорының бастамасына жан жақты қолдау көрсетуге уәде берді. Ал өз тарапынан Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед мырза қарым-қатынас пен келіссөздерге көңілі толғанын жеткізді.

Жоғары шенді қонақтар болашақта салынатын ғимарат Астананы ерекше архитектурамен толықтыра түсетініне сенімді.  

"Екі ғимарат бірдей болмайды, бірдей көшелер де жоқ. Әрқайсысы әр түрлі, бірақ бәріне де оның тамаша келбеті көрініп тұрады". Оның айтуынша, Қазақстан мен Бахрейн королдігінің арасындағы көптеген ұқсастықтар бар.

"Екі мемлекетті жақындастыра түсетін көптеген факторлар бар, - деді Бахрейн Ханзадасы атындағы қайырымдылық қорының бас хатшысы Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед мырза кездесу соңында.

Мұстафа Әли Мұхаммед Әл Сайед мырза Қазақстан мен Бахрейннің Астанадағы білім беру объектісінің (мектеп) құрылысы туралы жобаның басталғаны туралы Бахрейн ханзадасы атындағы қайырымдылық қоры осы жылдың 16-17 желтоқсанына дейін хабарлайтынын айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу