Қазақстанда алтын өндірісі қарқын алады

1707

2014 жылы "Полиметалл" компаниясы  аталмыш кен орнын игеруге инвестор ретінде тартылған болатын.

Қазақстанда алтын өндірісі қарқын алады

Қазақстанның алтын өндірісі енді біршама қарқын алуға тиіс. Өйткені 70 жылдан бері жұмысы жылжымай тұрған Бақыршық тау-кен өндіру кәсіпорыны қайта іске қосылған, деп хабарлайды Atameken TV.

Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің төрағасы Алмас Батановтың айтуынша, онда10 тонна шамасында алтын қоры бар. Бұл елдегі жалпы өндірістің 14%-ын құруға қауқарлы ең ірі кен орнының бірі.

Жалпы қаңтар-шілде айында Қазақстанда алтын өндірісі 5,1%-ға өсім көрсеткен. Тау кен секторында жұмыс 5,4%-ға жетсе, қайта өңдеуде 4,9%-ға артқан. Алтын шығарудан қазір негізгі өндірістің 31%-ын құрап, "Қазақмыс" ұлттық компаниясы алда тұр. 

2014 жылы Ресейдің  "Полиметалл" компаниясы  аталмыш кен орнын игеруге инвестор ретінде тартылған болатын. Төрт жылдың ішінде Бақыршықтың алтынын игеру жобасы жасалып, кәсіпорынның цехтары мен жұмысшылар қалашығы бой көтерді.        

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу