Бала зорлауға қатысы бар оқушы бас бостандығынан айырылды

1236

Халық арасында дүрбелең туғызған оқиғада 4 жеткіншек күдікті деп танылған еді. Олардың үшеуі 14-жасқа толмағандықтан жазадан босатылған.

Бала зорлауға қатысы бар оқушы бас бостандығынан айырылды

Түркістан облысы Абай ауылында бала зорлады деп айыпталған жасөспірімге қатысты сот үкім шығарды.

Халық арасында дүрбелең туғызған оқиғада 4 жеткіншек күдікті деп танылған еді. Олардың үшеуі 14-жасқа толмағандықтан жазадан босатылған. Сот алдында 16 жастағы айыпталушы ғана жауап берді. Ол кінәлі деп танылып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Өткен жылдың 26-шы қыркүйегінде басталған сот отырыс жабық есік жағдайында өтті.

Еске сала кетсек, атышулы оқиғаға қатысты аудандық полиция бөлімінің басшысы мен мектеп инспекторы жұмыстан босатылып, бірқатар жауапты тұлғаға сөгіс жарияланған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу