banner

Банкті тонау кезінде болған атыстан 12 адам көз жұмды

826

Банкті тонау кезінде болған атыстан 12 адам көз жұмды

Бразилияда банкті тонау кезінде болған атыстан 12 адам көз жұмды, деп хабарлайды 24.kz.

Қаза тапқандардың біреуі қарақшы, қалғаны кепілдікке алынған отбасы мен полицейлер. Оқиға елдің солтүстік-шығысындағы Милагрес қалашығында болды. Қарулы топ банкті тонау кезінде 5 адамнан тұратын бір отбасын кепілдікке алған. Олардың арасында 2 бала болады. Содан кейін оқиға орнына келген полицейлерге оқ жаудырып, қақтығысқа түскен. 20 минутқа созылған атыс кезінде қылмыскерлер кепілдіктегі барлық адамды өлтірген. Сондай-ақ ғимарат маңында өтіп бара жатқан бірнеше тұрғын жарақат алды. Бір қарақшының көзі жойылған. Бірақ қалған қылмыскерлер ақшаны ала алмай, 2 көлікке отырып қашқан. Қазір олар іздестіріліп жатыр. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, қарулы топпен байланысты 2 күдікті қолға түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу