Барлық турнирлер Денис Тенді еске алумен басталады - ҰОК

606

Барлық турнирлер Денис Тенді еске алумен басталады - ҰОК

Сочи Олимпиадасының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің мезгілсіз қазасыбүкіл әлем халқын ауыр қайғыға душар етті. Талантты спортшы, аяулы ұл, намысты отандасымыздың қазасына байланысты ел спортшылары өздері қатысқан турнирлерге аза тұту белгісін тағып шықпақ, деп хабарлайды ҰОК баспасөз қызметі. 

Қытайдың Уси қаласында өтіп жатқан семсерлесуден әлем чемпионатына қатысып жатқан қазақстандық нояндар жарысқа аза тұту белгісін тағып шықты. 

Еліміздегі барлық спорттық федерациялар өткізетін ресми әрі ресми емес турнирлердің барлығы бір минуттық үнсіздіктен басталады. 

Кеше Қазақстан Еуропа лигасында сынға түскен "Қайрат" және "Тобыл" клубтары матчтағы жеңісін Денис Теннің рухына бағыштады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу