Бас прокурор 21-ші Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты

471

Бас прокурор 21-ші Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты

Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Жақып Асанов 21-ші Петербург халықаралық экономикалық форумына қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бас Прокурор "Доверять нельзя проверять. Смещение акцентов контрольно-надзорной деятельности" атты сессияда сөз сөйлеу барысында қазақстандық тәжірибемен бөлісті. Осы саладағы қазақстандық қадағалаушы ведомствоның басымдығын, тексеруші мен тексерілетіннің арасындағы навигацияның анықтығы, қылмыстық процесті цифрландыру жөнінде атап өтті.

Форум алаңында Жақып Асанов Ресей Федерациясы Бас Прокуроры Юрий Чайкамен, Израиль Мемлекеттік прокуроры Шай Ницанмен, РФ Президенті жанындағы Кәсіпкерлердің құқығын қорғау жөніндегі Уәкіл Борис Титовпен екіжақты құқықтық ынтымақтастық пен оны одан әрі күшейтудің жолдары жөнінде келіссөздер жүргізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу